Жаңа құрылыс кодексі: әр нысанның өз жеке сәйкестендіру нөмірі болады

Жаңа құрылыс кодексі: әр нысанның өз жеке сәйкестендіру нөмірі болады

Бүгін Мәжілісте еліміздің жаңа Құрылыс кодексі таныстырылды. 25 жылда ондаған рет өзгеріске ұшыраған ескі заңның орнына енді құрылыс саласын түбегейлі реттейтін бірыңғай жүйе енгізілмек. Құжаттың мақсаты – жобалау мен рұқсат беру тәртібін қатаңдату, инженерлер мен компаниялардың жауапкершілігін арттыру және саланы толық цифрландыру. Министрлік бұл өзгерістер құрылыс сапасын жаңа деңгейге шығарады деп сендіріп отыр.