Қ.Тоқаев Ватиканда Рим папасы Францискпен кездесті

Қ.Тоқаев Ватиканда Рим папасы Францискпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады. Қазақстан Президенті әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бүгінде өркениеттер тоғысында орналасқан көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі католик қауымының өз үйіне айналғанын тілге тиек етті. Себебі мемлекет «бірлігіміз әралуандықта» қағидатына негізделген бейбітшілік пен ұлттық диалогтың өзімізге тән моделін қалыптастырды. Елімізде түрлі діннің өкілдері өздерінің ғибадатханаларында құлшылық ете алады. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына атсалысу арқылы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға іс жүзінде елеулі үлес қосуда. Өз кезегінде Рим Папасы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісіндегі күш-жігері үшін Қасым Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.