Автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыттар ашылады
Алдағы үш жылда елде автокөлік бөлшектерін шығаратын жаңа зауыттар ашылады. Allur компаниясы арнайы орталықтың құрылысын бастады. Алдағы уақытта жылыту жүйелері, тежегіштер, көлік салоны мен еденіне арналған пластик бөлшектер де ел ішінде өндірілмек. Осылайша Үкімет автоөндіріс саласын дамытуды қолға алмақшы. Алайда былтырғы көрсеткіштер де жаман емес. Автоөндіріс машина жасау саласының 40 пайыздан астамын алып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Алматы, Қостанай қалаларында жаңа зауыттар ашылып, 160 мың жеңіл көлік құрастырылған. Бұл кәсіпорындар көлік бөлшектерін елімізде өндіруге жол ашып отыр. Қазірдің өзінде елде көліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар шығарылады. Саранда автомобиль шиналары өндірілсе, Қостанайда заманауи технологиямен шойын бөлшектерін құяды.

