Астанада Қазақстан - Жапония бизнес форумы өтті

Астанада Қазақстан - Жапония бизнес форумы өтті

Қазақстан мен Жапония ынтымақтастықты арттыру бойынша бірден төрт құжатқа қол қойды. Қос елдің іскерлік топтары бұл келісімдерге елордада өткен бірлескен бизнес-форум аясында қол жеткізді. Атап айтсақ, еліміздің сыртқы істер палатасы мен Жапония-Қазақстан ынтымақтастығы комитеті арасында келісім, мұнай-газ, энергетика, және ғарыштық технологиялар салаларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар жасалды. Мәселен, «Қазақстан Ғарыш Сапары» мен «Synscpective» компаниясы радиолокациялық технологияларды кәдеге жарату арқылы, жерді қашықтан зондтау бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. Бұл жүйе тіпті қараңғы немесе бұлтты ауа-райында да ғарыштан бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Айдын Айымбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ Басқарма төрағасы:

Олар негізінен радиолокациялық ғарыштық суреттерді өңдеуге арналған технологияларды пайдалану арқылы жұмыс істейді. Ал біздің, яғни  қазақстандық ғарыш жүйесінде жерді қашықтықтан зондтаудың оптикалық диапазондағы жерсеріктері бар. Жергілікті мамандар жапондықтар сынды күрделі  радиолокациялық технологиялармен жұмыс істей алады. Алайда біз  жапондық компаниямен ынтымақтаса отырып, жаңа жобалармен жұмыс істеуге дайынбыз.

 

Тараптардың іскерлік қарым-қатынасының ауқымы мен бағыты жыл сайын кеңейіп келеді. Мәселен, Қазақстанда түрлі бағытта 20 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Өзара сауда көлемі қарқын алуда. Былтыр 11 айдың ішінде тараптар арасындағы тауарайналым 2 млрд доллардан асқан. 

 

Наоши Хиросэ, Жапония-Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің төрағасы :

Қазақстан мен Жапония арасында сауда-экономикалық қарым-қатынас дамып келеді. Оның әлеуеті әлі де артады. Жасыл және цифрлық технологиялар - осы байланыстың жаңа бағыттары деуге болады. Бұндағы әріптестік аясы климаттың өзгеруінің төңірегінде болмақ. Жалпы, бұл – барша адамзат үшін ортақ мәселе. Жапондық озық технологиялар мен Қазақстанның әлеуетін біріктіріп көптеген мәселенің шешімін табуға болады. Бұл цифрлық трансформация мен өндіріс саласына тікелей қатысты. 

 

Форумға 150-ден астам отандық компания және Жапония Үкіметі мен бизнесінің 60-қа тарта өкілі қатысқанын айта кету керек.