Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақордада 14 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Президентке сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға еліміз аталған мемлекеттермен өзара тиімді, достық қарым-қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі  зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен қауіпсіздік пен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізеді. Біздің саясат БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін қолдауға бағытталған. Еліміз – Орталық Азия өңіріндегі экономикасы ең дамыған мемлекет. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Экономикамызды одан әрі орнықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

 Мемлекет басшысы салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев үміт артып жіберген елшілердің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.