Қазақстанда  ірі тау-кен металлургия комбинатын іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстанда  ірі тау-кен металлургия комбинатын іске қосу жоспарланып отыр

Еліміздің оңтүстігінде жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдеу жоспарланып отыр. Жамбыл өңірінде бұған қауқарлы ірі тау-кен металлургия комбинатын салу межеленген. Жоба 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асады. Жаңа өндіріс ошағының құрылысы ел үкіметінде талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен «Monterra Group» компаниясының өкілі Иоганн Штоль оның техникалық құжаттамасын әзірлеу, инфрақұрылым тарту, жергілікті тұрғындар арасынан жас мамандар даярлау және қоршаған табиғи ортаны сақтау шараларын жүргізу мәселелерін пысықтады. Жобаға 832 млрд теңге тікелей шетелдік инвестиция тартылмақ. Жоспарға сай заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын тау-кен металлургия өнеркәсібі ел экономикасының көптеген салаларын дамытуға мультипликативті әсер етеді деп күтілуде.