Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29-ші шілде күні Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады. Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды. Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді деп жоспарланған.