Қазақстан Президентінің Қатарға мемлекеттік сапары

Қазақстан Президентінің Қатарға мемлекеттік сапары

Қазақстан Президенті Қатарға мемлекеттік сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеді. Бүгін Қазақстан Президенті  араб елінің саяси көшбасшыларымен жүздеседі. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.