Астана саммитінде қабылданған құжаттар
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде негізгісі Астана декларациясы. Сонымен қатар, жаһандық бірлік, ұйымның даму стратегиясы, энергетика саласын жетілдіру, экология және ақпараттық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселер бойынша шешімдер мен мәлімдемелер бекітілді. Ұйымға мүше елдер терроризм, экстремизм және есірткіге қарсы күресті де бірлесе күшейтеді.
Сондай-ақ, Беларусь Республикасының ұйымға мүше болуы туралы шешім қабылданды. Энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша да ортақ шешім шықты. Бұл құжатта 2030 жылға дейінгі стратегия жазылған.
Жаһан көз тіккен тағы бір келісім Инвесторлар қауымдастығына қатысты. Мемлекет басшылары бұл бастаманы қолдайтынындарын айтты. Ал, Қытайдың Циндао қаласы екі жыл бойы Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жарияланды.

