Авиаотын бағасы арзандады
Елімізде
авиаотын бағасы арзандады. Әуе хабтарын
дамыту үшін керосин тоннасының құны 1200-ден 940 долларға дейін төмендеді.
Алдағы уақытта 890 долларға жеткізу жоспарланған. Күні кеше Ұлттық құрылтайдың
5-ші отырысында Мемлекет басшысы авиаотынның тым қымбат екенін айтты. 100 млн
тонна көлемінде шикі мұнай өндіретін ел бола тұра, қара алтыны жоқ
мемлекеттермен керосин бағасы жағынан таласқа түсе алмай отырмыз деп сынаған
еді. Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі мәселе біртіндеп шешімін тауып
жатқанын жеткізді.
Ерлан
Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Бұл
air Atlanta, Hungary Airlines, One Air сияқты халықаралық авиакомпаниялардың
отандық әуежайлардағы рейстерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және санын
арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

