Елордада шекарашылар күні тойланды

Елордада шекарашылар күні тойланды

18-ші тамыз - шекарашылар күні. Кәсіби мереке қарсаңында елорда төрінде әскери-патриоттық концерт өтті. Онда рухты әндер шырқалып, шекарашылар оркестрі танымал композицияларды орындады. Ерекше стильдегі іс-шарадан кейін жиылған жұрттың отанға деген сүйіспеншілігі артқандай. Өйткені, өнерпаздарға көрсетілген қошеметте шек болған жоқ.


Жәй күндері әскери киіммен ән шырқап жүрген жанды кездестіре қоймайсыз. Бұл кештің ерекшелігі де осында. Сахнада тұрғандар арасында кәсіби әншілер жоқ. Бәрі ел шебін күзетіп жүрген шекарашылар. Десе де, сарбаздар салған әннен шынайылық пен отансүйгіштік сезіледі.