Мемлекеттік шекарадан 1248 заңсыз алып өту дерегі тіркелді

Мемлекеттік шекарадан 1248 заңсыз алып өту дерегі тіркелді

Қаңтарда 35 мың литрден астам жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығармақ болғандар анықталды. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі олардың жолын кескен. Жалпы, пысықайлар 462 рет 18 млн теңгенің жанармайын шекара асырмақ болған екен. Бұдан бөлек, 1 айда жолаушылар 113 мәрте қару-жарақ пен оқ-дәріні, 30 рет діни кітаптарды заңсыз алып өтуге талпынған. Сондай-ақ, шекара асатындардан 1 жарым млрд теңгеге жуық шетел валютасы табылған. Заң бұзу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.