Қазақстан Қытайға үкіметіне 1,5 мың ақбөкен береді

Қазақстан Қытайға үкіметіне 1,5 мың ақбөкен береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдады. Киелі даламыздың көркі – ақбөкендер енді көрші елдің батыс өңіріне жіберілмек. Бұл қадам – Қытай аумағында сиреп кеткен ақбөкен популяциясын қалпына келтіруге жасалған үлкен қолдау. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин аталған шешім үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, ақбөкендердің санын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынатынын жеткізді. Бұл экологиялық дипломатия – екі ел арасындағы достықтың, табиғатты ортақ қорғау ұстанымының және сенімнің символына айналды. Биылғы жылдың көктемгі есебі бойынша еліміздегі киік саны 4 млнға жеткен.