1,5 мың киік Қытайға қалай жеткізіледі?
Экология министрлігі Қытайға берілген мың жарым киікті қалай жеткізетінін әзірге білмейді. Әрине, түз тағысын шекарадан айдап, асырып жіберуге болар, бірақ олардың кете қоярына кепілдік жоқ. Демек, көлікке тиеп жеткізу ең дұрысы. Экология министрі Ерлан Нысанбаев әзірге нақты ұсыныс жоқ дейді. 16 мауымда Астанаға келген Қытай басшысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1,5 мың киік беретінін айтқан болатын. Бүгінде Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтаған. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Мамандар популяцияны реттеу қажет деп санайды. Сондықтан шамамен 800 мың киікті ату туралы шешім қабылдануы мүмкін. Атылатын киіктердің 40 пайызы - аталық, 40 пайызы - аналықтар. Ал 20 пайызы - биылғы төлдер болуы керек. Қазір тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

