Әлеуметтік желіге жас шектеуі енгізілуі мүмкін
Елде 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасы желтоқсанның аяғында қоғамдық талқылаудан өтті. Бұл бастаманың негізгі мақсаты - баланы цифрлық кеңістіктегі қауіптен қорғау. Мемлекет басшысы да әлеуметтік желілердегі жеңіл-желпі контентке әуестік ойлау қабілетіне кері ықпал ететінін бірнеше рет атап өткен. Жаңа ереже қабылданса, жасөспірімдер онлайн платформаларға емін-еркін тіркеле алмайды.

