Д. Трамп «Азаттық радиосын» қаржыландыруды тоқтатты

Д. Трамп «Азаттық радиосын» қаржыландыруды тоқтатты

Дональд Трамп «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысын» қаржыландыруды тоқтатты. Ақ үй басшысы бұл ақпарат құралдары «радикалды саясат» жүргізеді деп санайды. Рейтер агенттігінің мәліметінше, «Америка дауысының» 1 мыңнан астам журналисті жұмыссыз қалды. Дегенмен «Азаттық радиосының» бірнеше елдегі жұмысы әзірге жалғасатыны хабарланады.