Шерзат Полаттың ісі бойынша сот басталды
Бүгін марқұм Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот басталды. Процесс Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген соң, Талдықорғанда өтіп жатыр. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. 8 бейнежазба зерттеліпті. Күдіктілер қатарында 11 адам бар. Бірақ бүгінгі процеске 9-ы әкелінген. Оның бірі 16 жасқа толмаған жеткіншек. Еске салайық, былтыр қазан айында Талғар қаласындағы дүкеннің маңында бір топ жігіт 16 жастағы Шерзатты өлтіріп кеткен. Процесті Жоғарғы сот онлайн көрсетуді ұйғарған.
Мейірман Шекеев, Жәбірленуші тараптың адвокаты:
- Шынасыл Абзалменен Сакиев Равильге айып тағылып отыр. Қалғандарына – бұзақылық. Мемлекеттік айыптаушының берген айыптау әдісі солай. Отырыс материалдарымен шешеді деп ойлалймыз. Біз жәбірленуші тарап осыған келіспейміз. Бірақ ол мемлекеттік айыптаушының айыптау әдісі. Жәбірленушілердің сұрайтыны тек әділ сот. Одан басқа ештеңе сұрамайды.

