Премьер-Министр «Семей орманы» резерватын аралады

Премьер-Министр «Семей орманы» резерватын аралады

Үкімет басшысы былтыр Абай облысында от жалмаған қарағайлы орманды аралады. Жалпы, өрттен кейін біраз өзекті мәселе белгілі болды. Соған байланысты «Семей орманы» резерватының материалдық техникалық базасы кезең-кезеңмен толығады. Бұдан бөлек, орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осы мақсатқа 2027 жылға дейін республикалық бюджеттен 8 млрд 4 млн теңге қаралған. Ал, заңсыз ағаш кесетіндер – мемлекеттің қас жауы. Премьер-Министр орманды отап жүргендермен күресті күшейтуді тапсырды. Ондай ұйымдасқан қылмыстық топтардың бары белгілі, - деді Олжас Бектенов.

 

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

 

- Сіздер олардың бар екенін менен жақсы білесіздер. Мен тіпті жекелеген қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, заңсыз ағаш кесуге кедергі келтірмеуін талап ету қаупі төніп тұрғанын білемін. Міне, сонымен күресу керек. Ішкі істер министрлігі өте мұқият назар салуы тиіс. Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Бұған бүкіл мемлекет күш салып, төтеп беру керек. Бұл сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті.