Жаңа құю зауытының құрылысы басталды

Жаңа құю зауытының құрылысы басталды

Қарағанды облысында  тағы бір тың жоба құлашын жайды. Инвестиялық жобаның өндіріс аумағына  уақыт капсуласы салынды. «Polymet Solutions Corporation» компаниясына қарасты жаңа құю зауытының құрылысы басталды. Жоба экспорттық әлеуетті арттырып,тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға  мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны «Polymet Solutions Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Зауытта  жылына 10 мың тоннаға тарта өнім шығару жоспарланып отыр.

Қуандық Қазанғапов, «Polymet Solutions Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры:

–Облысымызға, ауданымызға қосымша жұмыс орындарын береміз. Қосымша салықты ұлғайтамыз. Сондықтан мен өзім ойлаймын зауытымыз осы өңірге көп пайдасын келтіреді деп ойлаймын. Айтылып жатқан жағдайлардың барлығын ойластырып отырмыз. Өңірімізде біраз өзгерістер болады деп ойлаймын.

Ірі инвестиялық жоба өндірістік базаны нығайтуға, жаңа кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға жол ашады.Сондықтан да бұл бастама  өңір үшін  аса маңызды қадам,- деді Ермек Алпысов.

Ермек Алпысов, Қарағанды облысы әкімінің  орынбасары:

- Кәсіпорын тау-кен-металлургия кешені мен машина жасау салаларына аса қажетті өнім өндіреді. Бұл – өңір экономикасының теңдессіз  тірегіне айналған салалар.

Жаңа өндіріс орнында резеңкелі болат төсемдері мен  ұнтақтау шарларын шығарады. Себебі оған  тау-кен-металлургия және машина жасау салаларында сұраныс жоғары.

Қуандық Қазанғапов, «Polymet Solutions Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры:

- Қазіргі шығарайын деп отырған өніміз стальная футеровка «KAZ Minerals»-тың группасында  Бозшаколь, Ақтоғай деген компанияның группалары бар. Солардың компанияларына арнайы біз бағыттап отырмыз өнімімізді.

Жобаға  компанияның өз қаражаты жұмсалады. Мемлекет тарапынан ешқандай қаржы тартылған  жоқ. Жалпы инвестициялық көлемі 11 миллиард теңгеден астам. Зауыт құрылысы 4 кезеңге бөлінген.