Коммуналдық қызметтерді рәсімдеу тәртібі жеңілдеді

Коммуналдық қызметтерді рәсімдеу тәртібі жеңілдеді

Алматыда коммуналдық қызметтерді рәсімдеу жеңілдеді. Қала тұрғындары үшін енді iAlma деп аталатын жаңа цифрлық платформа іске қосылды. Яғни, коммуналдық кеңселерге барудың қажеті жоқ. Су, жылу және басқа да қызметтерге өтінішті онлайн жүргізуге болады.

IALMA платформасы: коммуналдық қызметтерді рәсімдеу платформасы

Жаңа пәтер алған тұрғындар үшін коммуналдық шоттарды аудару мәселесі енді iAlma платформасы арқылы шешіледі. Жүйе автоматты түрде әрекет етіп, пәтер иесі ауысса шоттарды жаңа иесіне аударуды ұсынады. Деректерді жаңарту, келісімшарт жасау және ақпаратты өзгерту бірнеше минутта онлайн жүргізіледі.

Нұржан Нұрғисаев, Цифрландыру басқармасы ақпараттық қауіпсіздік және деректерді басқару бөлімінің басшысы:

- Енді коммуналдық қызметке өтініш беру оңай болды. Кеңселерге бармайсыз, құжаттарды жинаудың қажеті жоқ. Тек келісім бересіз, жүйе өзі өтінішті қалыптастырады, деректер мемлекеттік базалардан автоматты түрде келеді. Онлайн тапсыратын өтінішіңіздің жауабы 7 күн ішінде автоматты түрде шығады.

Болашақта жүйе жеке үйлерге де қолданылады. Техникалық шарттар, су және кәріз желілеріне қосылуға рұқсат алу барлығы онлайн форматқа көшеді. Мамандардың айтуынша, бұл жұмысты жеделдетіп, адами қателіктерді азайтады.

Серік Шәгіров, ШЖҚ «Алматы су» МКК өтім жөніндегі департамент директоры:

- Жекеменшік үйде келісімшартқа отыру процесі яғни тағы да 20 мың адам сандық технологиярға жіберу. Екінші ол техникалық шартты біздің су және кәріз құбырларына қосвлу үшін рұқсатты онлайн форматта алу. Біз тұтынушылармен қарым-қатынаста тексеру актері деген болады. Оныда планшет арқылы онлайн форматта толтыра алатын болады.

iAlma платформасында 60-тан астам қызмет қолжетімді. Бүгінге дейін 48 мыңға жуық өтініш тіркелген. Жүйе тұрғындардың уақытын үнемдеп, кеңселердегі кезекті 70 пайызға азайтқан.