Ерлік ешқашан ескірмейді

Ерлік ешқашан ескірмейді

«Ерлік ешқашан ескірмейді». Салтанатты жиында Мемлекет басшысы «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырды. Кенжебай Мәденов қаруластарымен бірге Рейхстагтан кейінгі Берлиннің маңызды әкімшілік орталығы Ратуша ғимаратына Жеңіс туын ілген жауынгер. Майдангердің жанкештілігі сарбаздардың рухын көтеріп, шабуылды одан әрі үдете түсуге дем бергенді. Оның бұл ерлігі туралы маршал Георгий Жуковтан бастап, атыраулық журналистер де жарыса жазған еді. Тіпті, батыр есімі мектеп оқушыларына арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарына енді. Ал, 2001 жылдың желтоқсанында мемориалдық тақта орнатылып, Атырау қаласында Кенжебай Мәденовтің атына көше берілді.