Жолдағы жылдамдықты бақылау күшейеді
Елде тағы 1,5 мың шақырым жолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілмек. Қазір 2 мың шақырымға осындай жүйе орнатылған. Нәтижесі жаман емес. Ережені елемей, жылдамдықты асырған 407 мыңға жуық көлік жүргізушісы анықталған. Оларға 6 жарым млрд теңге көлемінде айыппұл салынған. Енді тағы 8 жол учаскесінде бақылау жүйесі іске қосылмақ. Атап айтқанда, «Қызылорда - Арал», «Қостанай - Троицк», «Ақтөбе - Орынбор», «Балқаш - Бурылбайтал», Тараз қаласының айналма жолы, «Қостанай - Денисовка», «Шу - Бурылбайтал» және «Қандыағаш - Мақат» бағыттарына орнатылады. Бұл жүйе тек республикалық емес, облыстық маңызы бар жолдарға да енгізіледі. Бұл бастама жолдағы оқыс оқиғаларды азайтып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруды көздейді.

