Қазақстанда үш ЖЭО салынады

Қазақстанда үш ЖЭО салынады

Қазақстан ресейлік компаниялардың бірімен үш жылу электр орталығының құрылысына қатысты келісімге тұрды. Бұл жөнінде Үкіметте өткен брифинг барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның сөзінше, жаңа энергетикалық нысандар еліміздің Көкшетау, Өскемен және Семей қалаларында бой түзейді. Олардың құрылысына инвестициялық қаражы тартылып,  озық технологиялар қолданылады. Бұған кеткен қаражатты табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтару көзделген. Роман Скляр бұл ретте, бірыңғай зейнетақы қорынан бір тиын да  жұмсалмайтынын атап өтті. Қазіргі таңда жылу орталықтарының техникалық экономикалық негіздемелері әзірленуде. Жалпы бұл мақсатқа 350 млрд теңге қарастырылған.

 Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

- Көмірден газға көшетінімізді ерекше атап өткім келеді. Яғни, Көкшетау қаласына көгілдір отын жетісімен ондағы көмір станциялары Астанадағыдай газбен жұмыс істейтін болады. Өйткені, біз 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына қол жеткізуіміз керек. Ең алғашқы станция Көкшетауда пайда болады. Ол үшін қажетті барлық техникалық экономикалық негіздемесі дайын. Кейін дәл сондай орталықтар Семей және Өскеменде салынады.