7 млрд теңгеге жаңа мұнай базасы салынады
Астанада 7 млрд теңгеге мұнай базасы салынады. Бұдан бөлек, елорда мен Ақтөбе әуежайларында жанармай құю кешендерін іске қосу жоспарланған. Екі нысанға 7 жарым млрд теңге бөлінгелі отыр. Жалпы, алдағы жылдары елде әуе отынын өндіру екі есе өседі. Былтыр Қазмұнайгазға қарасты компания 282 мың тонна мұнай өнімдерін сатқан. Соның 206 мың тоннадан астамы керосин, 10 жарым мың тоннадай бензин және 40 мың тонна дизель мен 26 мың тоннаға жуық мазут өткізген.

