Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Жемқорлардан алынған ақшаға Түркістан облысында 20 мектеп салынып жатыр. Оның 13-і жыл соңына дейін ашылады. Бүгін өңірге жұмыс сапарымен барған Президент бірқатар жаңа әлеуметік және өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып зиярат етті. Киелі мекенде жерленген қазақ хандары мен батырларының рухына құран бағыштады.