Президент бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді

Президент бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Бұл жолы Президент ел экономикасын дамытуға бағытталған бірнеше маңызды салаларға жеке тоқталып, соның ішінде жасанды интеллект, инвестиция, ауыл шаруашылы, көлік-логистикасын дамыту бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда жаңа саяси реформа жүргізуге ұсыныс жасады. Яғни, Қазақстанда бір палаталы Парламент құрылуы мүмкін. «Бірден айтайын, бұл — өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет», - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгеріске қатысты референдум 2027 жылы өткізілуі мүмкін екенін де айта кетті. Қазақстан Парламенті 1995 жылға дейін бір палаталы болған және ол Жоғарғы кеңес деп аталған еді.