Алматыда метро желісі кеңеймек
Алматыда метро желісі кеңеймек. Қаланың Бас жоспарында жаңа бағыттар салу қарастырылған. Екінші желі қала орталығын Алматы-1 теміржол вокзалы мен әуежайға жалғайды. Ал үшінші желі Алатау қаласы мен Gate City ауданынан басталып, Сайран станциясына дейін созылады. Бұның бәрі келешекте көшедегі кептелісті азайтуға әсер етеді. Айта кетейік, қазір Алматының өзінде 700 мыңнан астам көлік тіркелген. Ал айналасындағы агломерациядан күн сайын тағы 500 мың көлік кіріп-шығады. Соның салдарынан жолдарда кептеліс 10 балға дейін жеткен.

