Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директорын да қабылдады. Мафальда Дуарте Қазақстанның қоршаған ортаны қорғауға, осы саладағы проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстарын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуын жоғары бағалады. Бұл жоба табиғат апаттарының тәуекелдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін енгізуге басымдық береді. Әрі Жасыл климат қорының және БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз табиғатты қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін айтты. Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс шараның негізгі мақсаты – өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.