Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдірумен айналысады. Сондай-ақ, Президент тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалуын бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдау барысында айтты. Мемлекет басшысы бұл лауазым қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын жеткізді. Президент Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар нақты міндеттер жүктелді.

