Цифрлық және телекоммуникациялық байланыс артады

Цифрлық және телекоммуникациялық байланыс артады

Мемлекет басшысы Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартинді қабылдады. Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымды дамылсыз дамытып жатқанын айтты. Еліміз OneWeb, Starlink, Amazon Kuiper және Shanghai Spacecom Satellite Technology сияқты төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағын 160 жылдығымен құттықтады. Ұйымның цифрлық технологиялар саласында маңызды рөл атқаратынын айтты. Ал Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды интеллект технологияларға ұмтылысын жоғары бағалады.