«Заң түні» әлеуметтік акциясы өтті

«Заң түні» әлеуметтік акциясы өтті

Кезек күтіп, кабинет аралаудың қажеті жоқ. Астанада «Заң түні» деп аталатын әлеуметтік акция ұйымдастырушыларды. Яғни, елордалықтар көп жүретін жердің бірі - ойын-сауық орталықтарында нағыз кеңес кабинеттері қойылды. Нақтыласақ, тұрғындардың сауалына заңгерлер, психологтар, мемлекеттік органдар мен әкімдік өкілдері жауап қатып, әрқайсысы өз бағыты бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.

Сауда орталығының ортасына қаумалаған мына нөпір құжаттарын арқалап, базынасын айта келген жандар. Бүгін оларға жауапты органдар кеңес беріп, бағыт-бағдар ұсынып жатыр. Кезек күткендердің қатарында Нұржанат та бар.