Қазақстан–Қытай: тауар айналымы 49 млрд долларға жетті

Қазақстан–Қытай: тауар айналымы 49 млрд долларға жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс 49 млрд долларға жуықтады. Биылғы көрсеткіш те жаман емес. Ұлттық статистика бюросының ақпаратына қарағанда, қаңтар–сәуір айларында Қытайға 5 млрд доллардың тауары экспортталған. Негізгі тауарлар: мұнай, жанар-жағармай, мыс, уран, ферроқорытпа, металл және ауыл шаруашылығы өнімдері. Ал Қытайдан импорт көлемі 6 млрд долларды құрайды. Оның ішінде көлік және оған қажетті бөлшектер, түрлі смартфондар мен электроника, өндірістік жабдықтар, химия және фармацевтика өнімдері бар. Жалпы, бұл елден Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 30 млрд долларды құрайды.