Өрт сөндіру көліктері ауаны салқындату үшін су шашып жүр
Алдағы күндері батыс аймақтарда ыстық
басылып, құбылмалы ауа райы болмақ. Қазгидромет мамандары мұнда жаңбыр жауып,
кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты дауыл тұруы мүмкін екенін айтады. Бірақ
оңтүстік аймақтарда ыстық әзірге басылмайтын түрі бар. Мұнда температура 45
градусқа дейін барады. Мәселен, Шымкентте қазір қатты ыстық тұрғандықтан,
коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сәл салқын сақталуы
үшін кей көшелер мен балалар ойын алаңына көлікпен су шашуда. «Қошқарата» өзенінде
демалушыларға толған. Жедел медициналық жәрдем қызметінің мәліметінше,
шақыртулар саны артқан. Күніне орта есеппен 2300 шақырту тіркеледі. Дәрігерлер
мұндай ауа райында күн астында ұзақ
уақыт болмауға кеңес береді.
Нұрбибі Бекболатова, қала тұрғыны:
- Бұндай ыстық болмаған еді. 45-50 ге жетпейтін еді. Кондерды қосамыз вентиялтор қосамыз біраз біраз мұздатып қойып неғыламыз әйтпесе өкпеге денсаулыққа суыққа шыдай алмаймыз ғой. Қатты суыққа да шаншулап ауырып қаламыз әйтеуір сондай.. Дала ысыса үйдің іші сәл салқындайды. Кейін түнге қарай үйдің іші ысып кетеді дала сәл салқындайды сөйтіп жүрміз ғой.

