Қауіпсіз қоғам – қауіпсіз аула

Қауіпсіз қоғам – қауіпсіз аула

Қауіпсіз қоғам – қауіпсіз аула. Заң мен тәртіп қағидатына сәйкес бүгінде ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. Мәселен, Атырауда қылмыс саны былтырғы жылмен салыстырғанда 8,5%-ға азайған. Онлайн алаяқтармен күрес те күшейген. Бұған қоса, тұрғындар қоғамдық тәртіпті бұзғандарды елеусіз қалдырмай, бірден полицияға хабар береді. Тақырыпты тілші тарқатады.

Аймақта интернет алаяқтық дерегі өршіп тұр. Мәселен, соңғы жарты жылда мыңнан аса тұрғын алаяқтардың арбауына түскен. Оңай олжаға құныққандар жалған жарнама беріп, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып аңқау жұрттың есепшоттағы ақшасын сыпырып алады екен. Бұған қоса, онлайн садуа жасап опық  жегендер де аз емес.

Оңал Бекеев, Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы:

- Жалпы қылмыс саны жылдан жылға төмендеп келе жатыр. Дейтұрғанмен кейбір қылмыстардың өсуі бар,жасырмаймыз.Ол жаңағы интернет алаяқтар. Көп азаматтар интернет алақтардың құрығына ілініп қалып жатқан жағдайлар бар.

Қауіпсіз қоғам – қауіпсіз аула. Бүгінде 58 мың бейнебақылау камералары тұрғын үй аулаларына қойылған. Тәулік бойы қоғамдық бақылау күшейтілген.  Сонымен бірге, облыс аумағында  24 автокешен жұмыс істесе, жалпы автоматты бақылау жүйелерімен жабдықталған кешендердің саны 60-қа жеткен. Соның нәтижесінде жыл басынан бері 1700-ден астам құқық бұзушылық анықталған.

Әділбек Қозыбеков, Атырау облысы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы:

- Жыл басынан Атырау қаласы бойынша 1800 астам шақырту түскен. Шақыртудың көбісі ішімдік ішкен,қоғамдық ортада бұзақылық істеген азаматтар бойынша шақыртулар түседі,көптеген түнгі тыныштық бұзған атап өткендей жасөспірім балалар  сағат 11 -ден кейін есік алдында футбол ойнайды түнгі тыныштықты бұзады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.