Үкімет ескертуі: жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке
тартылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне «Заң мен
тәртіп» қағидатына сай нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Соңғы уақытта
әлеуметтік желілерде Ата заңға қатысты шындыққа жанаспайтын әрі арандатушылық
сипаттағы жазбалар көп тарап жатыр. Осыған байланысты құқық қорғау органдары
ақпарат кеңістігін қатаң бақылауға алады. Сонымен қатар, Үкімет басшысы барлық
министрлік пен әкімдіктерге Конституция жобасының мәні мен маңызын халыққа
жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

