500 вейп тәркіленді
Шымкентте үш жас жігіт электрондық темекі өнімдерін
жарнамалап, сатып келген. Ол үшін телеграм арна құрып, вейптің түр-түрін
ұсынған. Электронды темекіні кәмелетке толмағандарға да сатып алу мүмкіндік
болған. Күдіктілер ірі көлемде вейп өнімдерін саудаламақ болған кезде қолға
түсті. Жыл басынан құны миллиондаған
теңге тұратын мыңдаған вейп заңсыз айналымнан шығарылған.

