Әуеден бақылау күшейді
Абай облысында жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа тәсілі
енгізілді. Енді тәртіп бұзушыларды тек камералар ғана емес, дрондар да
анықтайды. Соның нәтижесінде мыңдаған жүргізушінің заң бұзғаны әшкереленіп
отыр. Абай облысында дрондардың көмегімен қауіпсіздік белдігін тақпаған 30
мыңға жуық жүргізуші анықталды. Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жүргізуші осы
құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ, 468 жүргізушінің жаяу
жүргіншілерге жол бермегені белгілі болды. Бұдан бөлек, жүргізу кезінде ұялы телефон
пайдалану, қарсы жолаққа шығу және маневр жасау ережелерін бұзу деректері де
тіркелген. Мамандардың айтуынша, әуеден бақылау жүргізушілердің жауапкершілігін
арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Себебі қысқа
уақыт ішінде мыңдаған жүргізушінің жол ережесін елемейтіні анықталған.

