Онлайн-алаяқтардан қорғану: «Заң және тәртіп» керуені Таразда жүр

Онлайн-алаяқтардан қорғану: «Заң және тәртіп» керуені Таразда жүр

Құқықтық кеңестер беріледі. Қазір аймақтарды аралауға «Заң мен тәртіп» деп аталатын керуен шықты. Құрамында прокуратура, полиция өкілдерімен бірге кәсіби заңгер, психолог мамандар бар топ жергілікті халықпен кездесіп, өтініштерін тыңдап, түрлі мәселе бойынша ақыл-кеңестерін береді. Профилактикалық керуен қазір Таразда жүр. Полиция әсіресе көпшлікті интернет алаяқтардан қорғау жағына аса мән берген. Мәселен, Жамбыл облысында онлайн-алаяқтық бойынша былтыр 800, ал қаңтар айының басынан бері 64 факт тірклеліпті. Ал жалпы Қазақстан бойынша 2025 жылы киберқауіпсіздік қызметі 84 мың қоңыраудың жасалғанын анықтаған.

 

Мұхаммед Қоймағанбетов, Жамбыл облыстық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Полиция қызметкерлері профилактикалық шараны тұрақты түрде жүргізуде. Халықты интернеттен келетін қауіп бойынша үйретеміз. Іс шара аясында халықтың сұрақтарына жауап беру, сонымен қатар, интернет, есірткі, зорлық зомбылық қылмыстарының алдын алу бойынша үйретеміз.