Қылмыстық көрсеткіш 9 % төмендеді – Министр

Қылмыстық көрсеткіш 9 % төмендеді – Министр

Сот төрелігінен қашып жүрген 574 қылмыскер қолға түскен. Оның 89-ы шетелде бас сауғалап жүргендер. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мемлекет басшысына оылай деп есеп берді. Жалпы 1700-ге жуық қылмыстың беті ашылған. Министр Президентке кибер, есірткі, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.