1,5 мың адам алданған: CVK қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Кемі 1,5 мың адам алданған. Қазақстанда кезекті, «CVK» деп аталатын қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Қаржы мониторинг агенттігі таратқан ақпарға қарағанда, қазір 14 өңірде тергеу басталған. Әккі ұйым заманауи айла-тәсілдерді қолданған. Яғни, қызметін маркетплейс ретінде көрсетіп, жұртқа «дайын бизнес пакеттерін» сатқан.

