Бурабайда туристерге қойылатын талаптар күшейді

Бурабайда туристерге қойылатын талаптар күшейді

Бурабайда туристік маусым шарықтау шегіне жеткен сайын бақылау да қатаңдай түсті. Енді ұлттық парктегі тәртіпті инспекторлар ғана емес, полиция және төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимде қадағалайды. Себебі жағдай ушығып барады. Жылына 890 мың адамға шақталған аумаққа былтыр 1,5 миллион турист келген. Биыл бұл көрсеткіш тағы жүз мың адамға артуы мүмкін. Салдарынан орман тапталып, жағалау ластанып, экожүйе әлсіреп барады.