Зейнеткерлерге алаяқтан сақтану жолдары түсіндірілді
Елімізде бейнетінің зейнетін көрер шақта алаяқтың арбауына түсіп, бар жиған-тергенінен айрылып қалғандар аз емес. Осындай сақтандыру мақсатында Шымкентте «Өзімді қалай қорғаймын» атты форум өтті. Оған 200 ден астам зейнеткер қатысты. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері алаяқтықтан қалай сақтануға болатынын жан-жақты түсіндіріп берді.

