38 күмәнді сайт ЖИ көмегімен бұғатталды
Елімізде 38 алаяқтық сайт жасанды интеллектің көмегімен бұғатталды. Ішкі істер министрлігі енгізген жүйе - Цифрлық көмекші деп аталады. Ол - интернет кеңістіктегі күмәнді платформалар мен веб-порталдарды өздігінен анықтайды. Сондай-ақ, Е-Өтініш жүйесіндегі өтінімдерге де мониторинг жүргізеді. Ақылды интеллектің көмегімен полицейлер бүгінге дейін 231 іске тергеу жоспарын жасаған. Әзірге тек Астана мен Ақмола облысында жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр.

