Есірткі сатып келген 500 сайт-дүкен бұғатталды
«Есірткісіз қала» - Шымкентте осындай профилактикалық мақсаттағы акция басталды. Шара жергілікті әкімдік пен полицияның бірлесуімен ұйымдастырылған. Оған 2 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Мамандар бір ай көлемінде шаһардағы аудандарды аралап, көшелердегі жасырын есірткі жарнамаларын жою жұмыстарымен айналысуда. Синтетикалық есірткі жасырылған орындар арнайы картаға түсіріліп, бақылау күшейтілген. Шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қолға алынған.
«Есірткісіз қала» акциясына құзырлы орган өкілдері, прокурорлар, қоғамдық
емес ұйымдар, нарколог-дәрігерлер, коммуналдық мекеме қызметкерлері мен ерікті
жастар, тіпті белгілі спортшыларға дейін тартылған. Солардың бірі бокстан әлем
чемпионы Біржан Жақып. Спортшы жастарға есірткіге елікпеуге кеңес береді.
Біржан Жақып, Бокстан әлем чемпионы:
- Нәтиже бірден болмайды. Спортта да еңбекпен жәй келеді. Сол сияқты бұны
тоқтамауымыз керек. Тоқтасақ одан әрі өршіп кетеді, деп ойламын. Осыны бәріміз
шын ниетпен ат салыса берсек бұл нәрседен айрыламыз, деген ойдамын.
Есірткі торы бүгінде интернетте кеңістігінде де етек жайған. Жыл басынан
бері 200 қылмыстың беті ашылды. Антифрод бағдарламасы арқылы есірткі сататын
500 дүкеннің сайты жойылып, есеп шоттары бұғатталған. Ең өкініштісі бұл індетке
шалдыққандар қатарында кәмелетке толмағандар да бар.
Арман Бейсенбаев, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Оқу жылы бітті, қазір үш айлық демалыс. Жастардың барлығы каникулда. Сол себептен осы алдын алу бойынша жастарды. Сақтап қалу мақсатында осы үлкен іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз.
Акцияға қатысушылар бес аудан аумағына бөлініп түсіндірме жұмыстарын
жүргізді. Іс-шара аясында жалпы екі мыңнан астам граффитті бояу түріндегі
есірткі жарнамаларының, олардың интернет желісіндегі сілтемелерінің атаулары
жойылды.

