«Нұрлы жол - Арқалық»: темір жол бағытына жаңа пойыз қосылды
Арқалыққа жол тартсаңыз, енді ескі пойыз отырмайсыз. «Қазақстан темір жолы» дәл осы бағытта су жаңа, тікелей пойыз іске қосып жатыр. Осыған дейін бұл жаққа тек жеке тасымалдаушының пойызы ғана жүріп келген еді. Енді Ақмола мен Қостанай облысының тұрғындары үшін қатынау едәуір жеңілдемек. Биыл ғана конвейерден шыққан, заманауи 3 купе және 3 плацкарт вагоны жолаушылардың игілігіне берілмек. Ішінде жайлы жатын орындар, жеке шамдар мен гаджет қуаттайтын USB-порттарға дейін бар. Тіпті, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін арнайы купелер де қарастырылған. Жаңа пойыз күн ара қатынайды. Толық маршрутты 10 сағатта жүріп өтеді. Рейс тамыз айының 2-сі мен 31-і аралығында жолға шығады. Билет бағасы плацкартқа - 6 800 теңге, ал купеге - 9 900 теңге. Арнайы дисконт карталары бар жолаушыларға қосымша жеңілдік те бар.

