Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады
Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады. Аймақта арнайы құрылған комиссия өкілдері бүгінгі күнге дейін 44 өтінімді қарап, мақұлдаған. Нәтижесінде бизнес өкілдеріне 900 милилон теңгеге материалдық қолдау көрсетілді. Айта кету қажет, бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлініп жатыр.
Татьяна Илени осыдан 20 жыл бұрын кәсіпке бет бұрып, «Ойқала» ауданынан шағын ғана дүкен ашқан. Айтуынша биыл көктемде ғимаратты су басып, үш айдан астам уақыт жұмысы тоқтап қалған. Тасқынның беті қайтқан соң, бағалаушыар ғимаратқа техникалық тексеріс жүргізді. Осылайша шығынға батқан кәсіпкерге мемлекет тарапынан бес миллион теңге материалдық қолдау көрсетілді. Дегенмен нысандағы шаруалар әлі толық аяқталмаған.

