Жаңа заң: Дипломы жоқ псевдопсихологтар енді қызмет көрсете алмайды

Жаңа заң: Дипломы жоқ псевдопсихологтар енді қызмет көрсете алмайды

Елде психологтардың мемлекеттік тізімі жасалады. Сол реестрге енген мамандар ғана кәсіби қызмет көрсете алады. Ал қызметіне қатысты шағымдар дәлелденсе, тізімнен шығарылуы да мүмкін.


Сонымен бірге психологтардың Әдеп кодексі енгізіліп, сертификаттау жүйесі пайда болады. Яғни, бұл салаға қойылатын талап бұрынғыдан да күшейеді. Бұл өзгеріс шынымен сапалы мамандарды көбейте ме? Әлде жақсы психологтардың жұмысын күрделендіріп жібере ме? Бүгін осы сұрақтарға жауап іздейміз.