Париж паралимпиадасының қатысушысы К. Досмаловаға қызметтік пәтер берілді

Париж паралимпиадасының қатысушысы К. Досмаловаға қызметтік пәтер берілді

Биыл жазда өткен Паралимпиада ойындарында ел спортшылары елеулі нәтиже көрсетті. Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола бар. 57 келіге дейінгі салмақта қола үшін тартыста паратаэквандадан Камила Досмалова бесінші орынды қанағат тұтты. Бүгін Алматы әкімдігінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне сый-құрмет көрсетілді. 

Салтанатты шараға спортшымен бірге оның жеке жаттықтырушысы да шақырылды. Оларға  Премьер-Министр Олжас Бектеновтың атынан алғыс хаттар табысталды.