Дүбірлі додаға дайындық
Қыркүйек айында Елордада өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында солтүстік қазақстандықтар да өнер көрсетеді. Олар ат спортынан бөлек асық ату және қазақ күресінен сыңға түсіп, ел намысын қорғайды. Мәселен, 60 келі салмақ дәрежесінде күш сынасатын балуан Мейіржан Берекетов жүлделі орыннан дәмелі.
Мейіржан Берекетовтің қазақ күресімен айналысып жүргеніне
15 жылдан асқан. Жасынан жауырыны жерге тимеген балуан қазір соңғы
дайындықтарын пысықтап жатыр. Ол бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында
60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

