Алматыда «Senat Оpen» шахмат турнирінің жартылай финалы өтті

Алматыда «Senat Оpen» шахмат турнирінің жартылай финалы өтті

Алматыда Парламент Сенатының шахматтан «Senat Open» ашық кубогының жартылай финалы өтті. Турнирге депутаттар, қоғам қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері және журналистер қатысты. Сайысты Парламент Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы алғаш рет ұйымдастырып отыр.


Алматыда өткен жартылай финалға елімізің бес өңірінен келген 100-ден аса адам қатысты. Олардың барлығы аймақтарда өткен іріктеу ойындарының жеңімпаздары.